Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Ақтау қ ПБ ЖПҚб ЮПБ УПИ полиция лейтенанттары Әлиева Шынар Берікқызы «Буллинг, кибербуллинг туралы түсінік және олардың алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды. Мектеп инспекторы буллинг, кибербуллинг ұғымдарын түсіндіре отырып, оның жасөспірім өміріне алып келетін залалы туралы мәлімдеді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Ақтау қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Қайырболат Алтынай «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында баяндама оқыды. Бөлім прокуроры нашақорлықтың және есірткі заттарының қаупі туралы түсіндіре отырып, нашақорлық пен есірткіден аулақ болуға шақырды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Ақтау қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Баймаханова Роза «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды. Бөлім прокуроры жасөспірімдер арасында көп кездесетін құқықбұзушлықтарды атап өте отырып, жасөспірімдер сақтауы тиіс бірқатар ережелермен таныстырып шықты.
Қаулы етті:
1. «Буллинг, кибербуллинг туралы түсінік және олардың алдын алу», «Нашақорлыққа жол жоқ», «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу» баяндама қаперге алынсын.
2. Жасөспірімдер арасындағы буллинг, кибербуллинг, нашақорлық пен тәртіп бұзушылықтар орын алудын алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілсін.
