«Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырып отырған “Ер жігіт – ел қорғаны” байқауының “Патриоттық әндер” бөліміне “Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі” КММ-нің 6-сынып оқушыларынан құралған “Жас Ұлан” хор ұжымы “Егемен Қазақстан” әнімен қатысқалы отыр. Жетекшісі – мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Айжариков Асқар Сисенович.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
Әскери патриоттық – әндерді насихаттау арқылы балалар мен жасөспірімдердің патриоттық сезімін ояту және отаншылдық, елжандылық қасиеттерін қалыптастыру
#ержігітелқорғаны #әскерипатриоттықәнбайқауы