Мектебіміздің жылдық жоспарына сәйкес 1-5сәуір аралығында болып өткен “Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры” атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жоспарына сәйкес 5 сәуір күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері ұйымдастыруымен “Тағылымды туындылар сахнада…” атты көрініс сайысы болып өтті. Сайысқа барлығы 346 оқушы, 16 мұғалім қатысты. Сайыста оқушылар М.Әуезов “Абай жолы” эпопеясынан, Б.Соқпақбаев “Менің атым – Қожа” әңгімесінен, Ы.Алтынсарин “Әке мен бала” әңгімесінен үзінділерді көрініс ретінде сомдап, бақтарын сынады.
Шара мақсаты:
1) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
2) Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру;
3) Қазақ халқының ұлы тұлғаларының шығармаларымен таныстыру.
