Мектеп-лицейіміздіңматематика пәнінің ұстазы Петрова Н.Ю және француз тілі мұғалімі Аскармахмудова Л.А. математика әдістемесі бойынша тәжірибе алмасу үшін Францияның Виши қаласына кетті. Тәжірибе алмасу барысында ұстаздар тілдік емес пәндерді зерделеу кезінде билингвизмді енгізудің инновациялық әдістерін үйренеді. Сонымен қатар, болашақта осы тәжірибеге сүйене отырып математика сабақтарында билингвизмді енгізу жоспарда. Бұл мұғалімдер үшін үлкен мүмкіндік. Франция елінің білім саласының жүйесімен танысып, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасады. Ұстаздар сол елдің арнайы шақыртуымен барды.
Әріптестерімізге сәттілік тілейміз!