«Н.Марабаев атындағы № 7 мектеп-лицейі» КММ-де мектеп психологы және сынып жетекшілерімен іс-шаралар өткізілді.
Деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатындағы «Өмірге «Иә» деп айт!» тақырыбында психологиялық он күндік іс-шаралар өткізілуде.Осы бақытта жасөспірімдер арасында деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында мектепшілік «Сенім телефоны» мен «Сенім жәшігі» жұмыс жасайды. Ашылу барысында оқушыларға «Өмір сен маған қымбатсың» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, талқыланды. «Өмір тамаша! Біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында спорттық ойындар сайысы өткізілді. 7-9 сыныптар арасында «Жүрек жақсылыққа ашылады!»тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырылды. 5-11 сыныптар арасында «Мен өмірге құштармын!»тақырыбында фотосүреттер конкурсы өткізілді
