"Оқуға құштар мектеп" жобасы және "23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні" күніне орай мектебімізде қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Есболаева А.С және 10 "В" сынып оқушыларына Әбдіжәміл Нұрпейісовтің "Қан мен тер" трилогиясын әлеуметтік және психологиялық талдау тәсілі" тақырыбында әдеби сабақ өткізді. Шараға 21 оқушы қатысты.
Шара мақсаты:
1) Оқушыларды кітап оқуға баулу;
2) Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып, ана тіліне сүйіспеншілігін ояту;
3) Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
#дүниежүзіліккітапкүні