Skip to content

«Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында мектеп кітапханашысы Абдушева Назгуль Амангалиевна,…

«Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында мектеп кітапханашысы Абдушева Назгуль Амангалиевна, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Есболаева Айсәуле Сантаевна және 7Г сынып оқушыларымен ұйымдастырылған «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби-монтаж ертеңгілігі өз көрермендерін тапты. Оқушылар ұлт ұстазының шығармаларынан үзінді оқыса, ұстаздар қауымы шығармаларының алуандығымен таныстырды. Елдің елдігін сақтаудағы Ахмет Байтұрсынұылының орасан ебегін елемеске болмас. Сол үшін де балаларымызды ақынның шығармашылығымен таныстыруды жөн санадық. Мектеп кітапханасында Ахмет Байтұрсынұлының 40 мысалынан бастап, ғылыми зерттеулеріне дейін шығармалары жетерлік. Оқырман оқушыларды кітапхана ұжымы қуана қарсы алады!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *