Skip to content

«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ БАЙҚАУЫ Әріптесіміз, қазақ тілі мұғалімі Аманжан…

«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ БАЙҚАУЫ

Әріптесіміз, қазақ тілі мұғалімі Аманжан Айсауле Төремұратқызы қатысқан парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, бала тәрбиелеуде өзіндік ұстанымы мен қағидалары қалыптасқан, өнегелі, үлгілі отбасыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Парасатты отбасы» облыстық сырттай байқауында қалалық кезең жеңімпазы Мусаевтар отбасы облыстық кезеңде де жеңімпаз атанды.
Қатысушылар байқаудың облыстық кезеңіне «Менің отбасым – менің байлығым», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» номинациялары бойынша еңбектегі, оқудағы жетістіктер мен отбасылардың әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларға қаншалықты мән беріп, бос уақытты тиімді пайдалану туралы пайдалы да өнегелі мәліметтерді ұсынатын бейнероликтер түсіру арқылы қатысты.
Жеңімпаз отбасыға үлкен алғыс білдіреміз!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *