Тыңдалды:
2024 жыдың 30-қазан күні мектеп ұстаздарына арналған методикалық кеңес өтті. Кеңесте төмендегі тақыптар көтерілді:
1. Есболаева А. С., Алдабергенова Ж. М.
Есболаева А. С. және Алдабергенова Ж. М. сабақ барысында SMART технологиясын қолдану мүмкіндіктері туралы баяндама жасады. Олар SMART технологиясының білім сапасын арттырудағы тиімділігін атап өтіп, нақты мысалдар келтірді. Әсіресе, визуализация, интерактивті тапсырмалар және оқушылардың жеке оқу траекторияларын қалыптастыруда SMART технологияларының маңыздылығы талқыланды.
2. Мамиева Д. Г., Қасымова Н. А.
Мамиева Д. Г. және Қасымова Н. А. өз баяндамаларында сабақтарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолданудың тиімділігін атап өтті. Олар оқушылардың оқу мотивациясын арттыру, ақпаратты жылдам әрі жеңіл қабылдауына ықпал ететін АКТ құралдарының рөлін түсіндірді. Презентациялар, виртуалды зертханалар мен онлайн платформалардың қолдану мысалдары қарастырылды.
Қаулы етті:
1.SMART технологиясы мен АКТ құралдарын сабақтарда кеңінен пайдалану ұсынылды.
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін интерактивті тапсырмаларды дайындау міндеті қойылды.
3. Мұғалімдерге АКТ құралдарын меңгеру бойынша қосымша тренингтер ұйымдастыруға келісілді.