Skip to content

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің қарсаңында 17.03.2023 күні мектебіміздің қазақ…

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің қарсаңында 17.03.2023 күні мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жасалған «Дәстүр – ұлт негізі» атты танымдық концерт өтті. Бағдарламада қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ішінде:
Құда түсу;
Сырға салу;
Қыз ұзату сынды салтымыздың реті мен жөн-жоралғысы көрсетілді.
Шараға мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Шара мақсаты:
1. Салт- дәстүрімізді дәріптеу;
2. «Наурыз» мерекесінің маңызын түсіндіру;
3. Ұжымдағы сыйластықты арттыру болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *