Жас шахматшыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!
6–12 шілде аралығында Ақтауда Калшабек Мырзабековты еске алуға арналған Қазақстан Балалар Кубогы–2025 жарысының 4-кезеңі өтті. Бұл додаға еліміздің түкпір-түкпірінен және жақын шетелдерден 270-тен астам жас спортшы қатысты.
Біздің оқушылар тамаша нәтиже көрсетті:
Жанболат Аманқос (14 жасқа дейін) 2-орын иеленіп, қараша айында Алматыда өтетін Қазақстан Балалар Кубогының финалына жолдама жеңіп алды!
Алсу Амирова (10 жасқа дейін) қыздар арасында 3-орын алып, жүлдегерлер қатарынан көрінді!
Оқушыларымызды кәсіби деңгейде дайындап, оларға сенім артып, бағыт-бағдар берген жаттықтырушысы Саркисов Александр Сергеевичке ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздің еңбегіңіз — осы жеңістердің негізі!
Алда әлі талай турнир, медаль мен шахматтық жетістіктер болсын!
Поздравляем наших юных шахматистов с блестящим выступлением!
С 6 по 12 июля в Актау прошёл 4-й этап Детского Кубка Казахстана–2025 — Мемориал Калшабека Мырзабекова, собравший более 270 участников со всех уголков страны и ближнего зарубежья.
Наши ученики показали отличные результаты:
Жанболат Аманкос (до 14 лет) занял 2-е место и завоевал путёвку в финал Детского Кубка Казахстана, который состоится в ноябре в Алматы!
Алсу Амирова (до 10 лет) уверенно вошла в тройку призёров, заняв 3-е место среди девочек!
Особая благодарность тренеру Саркисову Александру Сергеевичу за профессиональную подготовку, наставничество и веру в своих учеников. Ваш труд — основа этих побед!
Пусть впереди будет ещё больше турниров, медалей и шахматных успехов!