Жемқорлықтың алдын алу бойынша 2024 жылдың 9-желтоқсаны күні Масумова С.М. жетекшілік ететін 9А сыныбында “Жемқорлық-заман дерті” тақырыбында танымдық сабақ өтілді. Шараға 26 оқушы, 1 мұғалім қамтылды.
Іс-шара барысында оқушыларға жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны, оның алдын алу жолдары және әділдік пен адалдықтың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сабақ интерактивті форматта өтіп, оқушылар арасында пікірталас ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы күрес туралы бейнеролик көрсетіліп, талқыланды.
Шараның соңында оқушыларға адалдыққа шақыратын буклеттер таратылып, әр оқушы өз ойын жазбаша түрде білдірді. Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың азаматтық позициясын қалыптастыруға ықпал етті.