Жыл сайын 2002 жылғы Халықаралық еңбек ұйымымен жарияланған 12 маусым -Бүкіл дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні аясында 1-12 маусым аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінде «Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ҰАК-і өткізіледі.
«Халықаралық еңбек ұйымының Конвенциясына сәйкес балалар еңбегі – бұл олардың денсаулығына зиянды болып, білім алуына, дамуына кедергі болатын және келешек өміріне нұқсан келтіретін жұмыс.
Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне мәжбүрлі еңбектің барлық формалары, баланың денсаулығына, қауіпсіздігіне және адамгершілігіне зиян келтіруі мүмкін жұмыстары жатады»
Осыған орай біздің мектебімізде де 2021 жылғы 1 маусымынан бастап «Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес»- күні аясында 1-12 маусым күндері «Балалар еңбегін» пайдалануға қарсы 12 күндік күрес Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіліп келеді. Оның мақсаты – барлық елде балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою қозғалысына назар аудару.
Науқан аясында "Түнгі қаладағы балалар”, "Жасөспірім”, "Көше” атты кең ауқымды шаралар ұйымдастырылды. #балажылы #балаларжылы #балаларжылы2022
#годребенка #годребёнка2022
